Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз есімі ұлықталды

Ұстаз есімі ұлықталды

Ұзақ жылдар мектеп қабырғасында еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып, өзінің өшпес ізін қалдырған ұлағатты ұстаздың бірі – Жағыппар Зермұхаммедов.
Жуырда №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 100 жылдығы аясында орыс тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында білікті ұстаз, мектеп түлегі Жағыппар Сматұлының өнегелі өмір жолына арналған еске алу кеші өтті. Аталған шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, білім саласы ардагерлері аудандық кеңесінің төрағасы Рысдәулет Құдайбергенов және ұстаздың ұрпақтары қатысты.
Аталған шарада алдымен ұстаздың өмірі мен еңбек жолын лэд-экраннан көрсетті. Одан соң алғашқы сөзді аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла ­Палымбет пен мектеп директоры Айнұр Перденқызы алып, шараны ашып берді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил ұстаздың ұрпақ болашағына, тәрбие мен білім кеңістігіне қосқан елеулі үлесі жайлы кеңінен баяндады.
Жағыппар Зермұхаммедов өте қарапайым басшы, сыйлы әріптес, парасатты дос, адал ұстаз ретінде көпшіліктің есінде қалды. Білім саласының дамуына, мектептер мен балабақшалардың жаңашылдық пен шығармашылықтың ордасына айналуына айрықша еңбек сіңірді. Тағылымы мен мәдениеті, білігі мен тәжірибесі арқылы бірнеше ұрпақ ұстаздар легін тәрбиеледі. Аталған еске алу кешінде естеліктер айтылып, ұлағатты өмір жолы ұрпақтарға үлгі етілді. Жағыппар ағаның отбасы мүшелері, балалары, немерелері, шөберелері қатысып, ата, әке есімін ұлықтады. Әрбіріміздің жүрегімізде өлшеусіз із қалдырып, көрегендікпен келешекке бағдар берген аяулы ұстаздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Осындай тағылымы мол шаралардың жастар үшін қаншалықты қажет екенін ел ағалары да жақсы біледі. Сондықтан, киелі мекенде кіндік қаны тамып, әр салада қажырлы еңбек еткен азаматтардың өмір жолын өскелең ұрпаққа дәріптеуді Шиелі жұрты дәстүрге айналдырған.

Б.Бәйімбет
13 мамыр 2022 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930