Ардагерлер – асыл қазынам
Ардагерлер ұйымы кешегі қиын-қыстау кезеңде өзін-өзі сақтап қалған, заман өзгерсе де өзінің мән-мағынасын, мазмұнын өзгертпеген жалғыз қоғамдық ұйым десек артық айтпаймыз. Қоғамның қаншалықты өркениетті, қаншалықты зиялы екендігі ардагерлерге деген құрметпен өлшенген. Аға ұрпақтың өнегесі, ақылы қоғамға қай уақытта да қажет. Аудан және 22 ауылдық округтің тыныштығы мен татулығын сақтауда қариялардың қосқан үлесі зор. Осы мақсатта дүйсенбі күні Бестам ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы жаңадан сайланып, алқа құрамы бекітілді. Адагерлердің алқалы басқосуына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі А.Әбдіхамитқызы және ауыл ардагерлері қатысты.
Аталған жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил ашып, күн тәртібімен таныстырды. Онда аудандық ардагерлер кеңесі мен тексеру комиссиясының жаңа құрамын бекіту және ауыл ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлау болды. Одан соң, жастарға дұрыс тәлім-тәрбие беру жайы да назардан тыс қалмады. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаилдың ұсынысы негізінде алқа құрамына 4 ардагер дауысқа салынып, бекітілді. Олар Темірхан Қожаев, Дүкенбай Жолымбетов, Нұркелді Назарбаев, Қазима Дүрімбетова.

Мұнан соң, жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил сөз алды. «Ең бірінші кез келген жерде тәртіп болуы тиіс. Бұл тұрғыда Б.Момышұлы: «Тәртіп – табыстың көзі, тәртіпсіз – елдің езі. Тәртіп бәрімізді қуанышқа бөлейді, халқымызға жақсылық жасауға міндеттейді. Мұны атүсті емес, ақыл-парасаттарыңмен, бүкіл жан дүниелеріңмен түсініңдер» деген екен. Сондықтан, әр баланың жүріс-тұрысын, тәртібін ата-ана жіті қадағалап отыруы тиіс. Көптеген ауылдық жерде ұрлық-қарлық, түрлі дау-дамайлар туындап жатады. Солардың алдын алып, жеңіл-желпі даулардың өршіп кетпей, бітісуіне ұйытқы болатын да ардагерлер. Осылай елдің бірлік, ынтымағының ыдырамауына ықпал жасауымыз керек, – деді Ө.Исмаил.
Одан соң, ауылдық ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар бойы абыроймен басқарған Анарбек Абызбаевтың өлшеусіз еңбегіне алғысын білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил мен ауыл әкімі Ф.Ержан ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік орны бар А.Абызбаевтың атқарған жұмыстарын жоғары бағалады. Одан соң Бестам ауылдық округінің ардагерлері кеңесі бірауыздан Ә.Ибраевтың кандидатурасын қолдады. Ол ауылдық орта мектепте дене шынықтыру мұғалімі қызметін атқарып зейнетке шыққан. Қазіргі кезде жастарды волейбол спортына баулып жүр.
Ш.Тілеубаев