Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігері мұқалмаған балуандар

Жігері мұқалмаған балуандар

Бүгінде өңірде джиу-джитсу жекпе жек спортына қызығушылық танытқан ынталы жастардың саны артып келеді. Осы спорт түрін сенімді серігі санаған спортшылар республикалық, облыстық бәсекелерде топ жарып жүр. Білікті жаттықтырушы Ербол Ділімбетовтың ізін жалғар шәкірттері таяуда өздерінің осал қарсылас емес екенін тағы бір дәлелдеді.
Осы тұста 30 қараша 3 желтоқсан күндері аралығында Алматы қаласында ауыр грэпплинг AIGA-дан Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді.
Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Бразилия, Ресей мемлекеттерінен 1200 жас спортшы қатысты.
Білектің күшімен қатар шеберлікті талап ететін бұл спорт түрімен шұғылдануға кез келген жігіттің жүрегі дауалай бермейді. Қайсар мінез бен қайтпас жігерді талап ететін спорт түрімен аудан жастарының шұғылданып келе жатқанына биыл 12 жыл болды.
Айта кетейік, жарысқа ауданнан 18 бала қатысып, 15 бала жеңіс биігінен көрінді. Қоржынға 4 алтын, 5 күміс, 6 қола түсті.

«Өскен өңір» ақпарат
05 желтоқсан 2023 ж. 1 234 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930