Алматыда джиу-джитсудан үздік спортшылар анықталды
Алматыда қыздар мен ерлер арасында бразилиялық джиу-джитсудан «Arlan Grip Championship «Koktem Open - 2019» xалықаралық турнирі өтті. Бұл туралы Алматы қазақстандық ақпарат орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген 1 мыңға жуық спортшы екі күн бойы әр салмақ санатында әрі жас айырмашылықтары бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарыстың алғашқы күнінде 4-17 жастағы, ал екінші күнде 18-ден жоғары жастағы спортшылар өнер көрсетті.
«Бұл рейтингті турнир жақын әрі алыс шет елден келген қатысушыларға жақсы таныс. Кеше балалар арасында 640 адам жинап рекорд орнаттық. Ал бүгінгі ересектер арасындағы жарысқа 250-ден астам спортшы қатысты. Осындай көрсеткіш бізді өте қуантады», - дейді Қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг федерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Ақмарал Қанатбаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл жарыстың қатысушылары алдағы уақытта өтетін халықаралық жарыстарға дайындалып жатыр.
«Қазір Қазақстан құрамасы Абу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда. Жарыс сәуірдің 21-26 аралығына жоспарланған. Олар кейін, мамырдың 10-14 күндері әуесқойлар арасындағы грэпплингтен (АИГА) өтетін турнирге Жапонияға аттанады», - деді Ақмарал Қанатбаева.
Екі күнге жалғасқан бұл турнир кез келген қатысушылар арасында ABB Arena-да IBJJF халықаралық федерация ережесіне сәйкес өткізілді. Оның басты мақсаты - елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды. Жарыстың нәтижелерін smoothcomp.com сайтынан көруге болады.
Айта кетер жайт, Әбу-Дабидегі Әлем чемпионаты жыл сайын балалар және ересектер арасында өткізіледі.