Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық актриса Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен жарыста алтын жүлдеге ие болды

Қазақстандық актриса Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен жарыста алтын жүлдеге ие болды


Қазақстандық Мөлдір Мекенбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде бразилиялық джиу-джитсудан өткен Халықаралық Грэнд Слэм жарысында алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды SPORTINFORM.


«Мен 3 мәрте боз кілемге шықтым. Біріншісін сабмишнмен жеңдім, қалған екі белдесуді ұпай санымен алып кеттім. Әрине, қиындықтар қайда болса да бар, бірақ маған ұнайды.
Мен Абу-Дабиге екінші рет келдім. Бірінші рет 2016 жылы әлем чемпионатына келген едім. Бүгін міне, Grand Slam World Tour халықаралық жарысында белдестім. 2018 жылды мен «алтынмен» бастадым және бұл менің алдағы жетістіктердің жалғасы болады деп үміттенемін»,-деді Мекенбаева.
Айта кетсек, Мөлдір Мекенбаева «Мұраға қалған махаббат» (Любовь по наследству) және «Саяхатшы» (Путешественник) сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы танымал.
Қазіргі уақытта Мөлдір «Қазақ батырлары» тарихи телехикаясына түсіп жатыр. Ол онда басты рөлді ойнайды.
14 қаңтар 2018 ж. 1 134 0