Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОРЫНБАСАРОВ БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН КҮЛГІН БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ОРЫНБАСАРОВ БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН КҮЛГІН БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ АТАНДЫ


Жуырда Алматы қаласындағы «Qazaqstan top team» академиясының жаңа залының ашылуында джиу-джитсудан қара белбеу иегері Американдық Адам Фокс Грепплингтан Азия чемпионы, джиу-джитсу, жекпе-жектен Республика және Халықаралық турнирлардың чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаровқа күлгін (пурпур) түсті белбеуді табыстады. 
Күлгін түсті белбеу – джиу-джитсудағы екінші дәреже. Бұдан кейін қоңыр және қара түсті белбеулер бар. Ол джиу-джитсудың ұлы шеберлеріне беріледі. Әлемде бұл дәрежеге санаулы адамдар ғана ие.
«Осыған дейін дзюдо және дәстүрлі джиу-джитсудан қоңыр, қара түсті белбеулерді иеленгенмін. Спорттың бұл түрлерінен қоңыр, қара белбеу иегерлері көптеп кездеседі. Ал, Бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері едім. Мінекей, өздеріңіз куә болып отырғандай, күлгін түсті белбеуді иеленіп отырмын. Алла қаласа, алдағы уақытта барынша сенімді ақтауға тырысамын. Бұл белбеудің өзім үшін маңызы өте жоғары! Ол маған үлкен сеніммен бірге маңызы зор жауапкершілікті де жүктеп отыр. Осы мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етуге бар күш-жігерімді саламын», – дейді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Ауыл спортын дамытуға үлес қосып, шәкірт тәрбиелеп жүрген жас бапкер өз кезегінде болашақта Қазақстандағы джиу-джитсуды дамытуға үлес қоса беретінін жеткізді. «Alash pride» Халықаралық аралас жекпе-жек турнирінің 4 дүркін чемпионы атанған Нұрсұлтан Орынбасаровты кезекті жетістігімен құттықтаймыз! Алар  асуларыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын.
Ұ.Батырқызы
07 ақпан 2018 ж. 1 321 0