Балуандар бәсекесі
Грепплинг – барлық ауырту тәсілдерін қамтитын күрестің бір түрі. Нағыз техникалық шеберлік пен ақылдың спорты. Грепплингте дзюдо, бразилиялық джиу-джитсу, еркін күрес пен самбо әдіс-тәсілдері қолданылады. Осы санаттағы халықаралық жарыстар 1998 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Білектің күшімен қатар шеберлікті талап ететін бұл спорт түрімен шұғылдануға кез келген жігіттің жүрегі дауалай бермейді. Қайсар мінез бен қайтпас жігерді талап ететін спорт түрімен аудан жастарының шұғылданып келе жатқанына биыл 10 жыл болды. Осыған орай балалар мен жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында грепплинг спорт түрінен облыстық ашық біріншілік өтті.

Жарысқа Қызылорда облысынан бөлек Қазалы, Тереңөзек аудандарынан 250-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты. Боз кілем үстіндегі балуандардың барлығы да жарысқа тың дайындықпен келген.
Жарыс қорытындысы бойынша Ербол Ділімбетовтың шәкірттері Даниал Рахымжанов, Ернұр Ділімбетов, Мақсат Ханқожаевтар алтыннан алқа тағынды.
Айта кетейік, спорт жанашырларының арқасында 2012 жылы ашылған спорт мектебінде спортшылар үлкен додаларға жолдама ала білді. Бүгінде мектептен осы спортпен айналысатын 140 балғын жаттығып, өз шеберліктерін шыңдауда. Осы жылдар арасында жоғарыда аталған спорт түрінен көк туды көкке көтерген талай тарландар тәлім алды. Атап айтсақ, Ғани Әділсерік екі дүркін әлем чемпионы атанса, Олжас Есқараев халықаралық турнирлерде жеңістің туын биікке көтерді. Ал осы істің басы-қасында жүрген жаттықтырушы Ербол Длимбетов 2010 жылы өзі армандаған Алматы қаласындағы спорт-туризм академиясын тәмамдаған. Мұнан соң өзі туып өскен жеріне келіп жас балғындарды осы спортқа баулып келеді.
Ш.Тілеубаев