Жерлестеріміз топ жарды
Панкратион – бұл қайта шыға бастаған спорт түрі. Еркін, грек-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс және басқада жекпе-жектің техникалық қимылдарын қолдануға рұқсат етілетін, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектің түп-тамыры болып саналады. Ал, грэпплинг болса, бұл бірнеше күрес түрлерін атап айтқанда: дзюдо, самбо, грек-рим күресі мен джиу-джитсудің жиынтығынан құралған ерекше, әрі жас спорт түрі болып саналады. Шиелілік спортшылардың аталған спорт түрлерімен айналыса бастағанына көп бола қойған жоқ. Десе де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарықтай.
Мәселен, Шиелілік спортшылар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен панкратионнан қала аралық ашық бірінішілікте топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жасөспірімдер арасында Алмат Асхат, Нұрлан Аслан, Ақбаров Абылай, Зулпхар Бақтияр, Бақдаулет Тұрсаматов, Ернұр Ділімбетов үздік атанса, ересектер арасында Диас Құдайберген, Абылай Шәкіров сынды спортшылра жеңіс тұғырынан орын тепті.Нәтижесінде жерлестеріміз 12 алтын, 9 күміс, 10 қола медаль иеленді. Негізінен жарысқа Байқоңыр, Қармақшы, Қазалы, Тереңөзек, Шиелі аудандарынан және Қызылорда мен Нұр-Сұлтан қаласынан 10-нан астам команда қатысқан. Ал бапкерлер болса, «Алдағы уақытта аталған спорт түрлерінен Республикалық жарыстар ұйымдастырылса, спортшыларымыз топ жаруға дайын», – дейді.

Р.ӘНӘПИЯ