Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестеріміз жеңіспен оралды

Жерлестеріміз жеңіспен оралды

Жуырда Байқоңыр қаласында жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі жекпе-жектен турнир өтті. Турнирге Ақмая ауылының спортшылары қатысты. Жекпе-жек нәтижесінде жерлестеріміз жүлдемен оралып, 5 алтын, 1 күмісті қанжығасына байлады.
Толығырақ тарқататын болсақ, 2005-2006 жылы туғандар арасында 39 кг салмақ дәрежесінде Орхан Мейрамбаев, 44 кг салмақ дәрежесінде Дінмұхамед Әділбеков, 50 кг салмақ дәрежесінде Нұрлыбек Сейітқасым бірінші орынмен марапатталды. Ал 2003-2004 жылы туғандар арасында 42 кг салмақ дәрежесінде Әділет Мейрамбаев бірінші орынды иеленді. 62 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Шыңғыс Ерсейіт болса екінші орынның тұғырынан көрінді. Сонымен бірге 2001-2002 жылы туғандар арасында 66 кг салмақта сынға түскен ­Диас Оразмахан та бірінші орынмен ауданға оралды. Осылайша жас спортшылардың жаттықтырушысы Нариман Елеупановтың еселі еңбегі қайтып, үкілеген үміті ақталды.

«Өскен өңір» ақпарат
07 қараша 2019 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30