Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде қазақ күресінен алғашқы ашық чемпионат өтті

Ресейде қазақ күресінен алғашқы ашық чемпионат өтті



Мәскеуде қазақ күресінен тұңғыш рет Ресей Федерациясының чемпионаты өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтында мәлім етілді,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ресейдің алғашқы ашық чемпионатын Qazaq kuresi халықаралық федерациясының және Мәскеудің ұлттық мәдени бірлестіктерінің қолдауымен Мәскеу қаласының Қазақ күресі федерациясы ұйымдастырды.
Оған Ресейдің 25 өңірінен жасы 18-ден асқан, самбо, дзюдо, корэш және күрестің басқа да аралас түрлерінен (ересектер арасында екіншіден төмен емес разряды бар) 35 спортшы қатысты.
«Біздің міндетіміз - Ресейде қазақ күресін дамыту және оны самбо және дзюдо сияқты олимпиадалық спорт түрлерінің біріне айналдыру. Бұл, алғашқы жалпыресейлік чемпионат. Енді оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Мәскеу қаласының Қазақ күресі федерациясының бас директоры Наиль Якубалиев.
«Мен бұрын грек-рим күресімен айналыстым. Осыдан бір жыл бұрын өзімді қазақ күресінде сынап көрейін деп шештім. Дзюдоға ұқсайды, бірақ өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Кей тұстарын, ережелерін әлі толық білмегендіктен, финалда жеңіліп қалдым. Бірақ мұнымен тоқтамаймын. Қазақ күресі ұнайды, онымен айналыса беремін», - дейді 60 кг салмақ санатының финалшысы Джамалудин Амаров.

inform.kz
18 ақпан 2019 ж. 1 226 0