Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН УНИВЕРСИАДА САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН УНИВЕРСИАДА САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ


ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастырумен Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде VII-қысқы Универсиада аясында ерлер мен әйелдер арасында қазақ күресінен сайыстар басталып кетті. Оған еліміздегі ЖОО-нан ерлерден 24, әйелдерден 14 команда сапында 257 спортшы кілемге шығады. Байрақты бәсеке үш күнге созылып жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық шараларды өткізу зертханасының жетекшісі Бауыржан Рамазанов, жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Қуаныш Наханов, қазақ күресінің тұңғыш президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Ерғали Мухиддинов, жарыстың бас хатшысы Еркін Кәмшатов және Студенттер спорт федерациясының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
09 наурыз 2018 ж. 1 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930