Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сербияда қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті

Сербияда қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті


Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінен кезекті Еуропа чемпионаты аяқталды. Құрлықтың 18 елінен жиналған балуандар жеті салмақта сынға түсті. 70 келіде кілем иесі Никола Галич жеңіске жетсе, 80 келіге дейінгі салмақта Израиль балуаны Дима Капинчук топ жарды. Ресейліктер Рамазан Тотаркулов пен Андрей Гусаров та қазақ күресінен Еуропа чемпионы атанды. Аса ауыр салмақта словакиялық Мартин Жаната қарсыластарын түгел жықты. Биылғы Еуропа біріншілігінде тұңғыш рет қыздар да кілемге шықты. Алты салмақ арасындағы белдесу бәсекесінде Болгария бұрымдыларының мерейі үстем болды. Олар төрт салмақта алтыннан алқа тағынды. Литва мен Грузия қыздары да бас жүлде иеленді. Қазақ күресінен өткен құрлық сайысына Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович арнайы келіп, өз бағасын берді. Ненад Лалович, UWW Біріккен күрес әлемінің президенті: – Қазақ күресінен Сербиядағы Еуропа чемпионаты өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Боз кілемдегі белдесулер тартысқа толы қызықты өтті. Қатысушы елдердің барлығы өз ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақ күресі біздің Біріккен күрес әлемінің аясында одан ары дами береді. Серік Түкеев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы президентінің орынбасары: – Қыздар бірінші рет күресіп, өте жақсы күрес өнерлерін көрсетті. Ол енді біздің ұлттық күресіміз қазақ күресі үшін ол бізге жеңіс деп айтуға болады.

24.kz
04 маусым 2018 ж. 1 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031