Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қармақшыда таэквондодан ашық біріншілік өтті

Қармақшыда таэквондодан ашық біріншілік өтті


Жосалы кентінде орналасқан дене шынықтыру және спорт кешенінде балалар мен жеткіншектер және жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Қармақшы ауданының ашық біріншілігі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында спортпен шұғылдану бағытында өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаевтың айтуынша қазіргі таңда аудан көлемінде таэквондо клубтары мен үйірмелері белсенді жұмыс атқаруда. Шәкірттері облыстық республикалық жарыстарда топ жарып келеді.
Жарысқа Қармақшы ауданының ашық біріншілігіне Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласынан және Шиелі, Қармақшы аудандарынан 6 команда, 150-ге жуық жас спортшы белсенділікпен қатысты.

05 сәуір 2019 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031