Жеңіс туын желбіреткен Бекжан

Ақтау қаласында 13-17 қараша аралығында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 500 спортшы қатысты. Жауырыны жер иіскемеген жерлесіміз Бекжан Төлепов жеңіспен оралды.
Аталған додаға келген спортшылардың ішінен оза шауып, ел намысын қорғап, балуандармен боз кілемде белдескен Бекжан Әлімжанұлы осы жеңісімен әлем біріншілігіне жолдама алып, көк байрағымызды биіктетті. Шиелілік балуан бұған дейін 2 дүркін әлем кубогының иегері, «Дала қыраны» титулына ие болғанын еске сала кетейік. Белдескеннің белін қайыстыратын Бекжанның бағы жанып, тағы да әлем біріншілігінде үздіктер қатарынан қара көрсетеді деп сенеміз.
Дархан Ғалымжанұлы