Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕКЖАН ТӨЛЕПОВ – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ 2 ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ

БЕКЖАН ТӨЛЕПОВ – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ 2 ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ

Жексенбі күні Румынияның Констанца қаласында өткен қазақ күресінен әлем кубогында жерлесіміз Бекжан Төлепов жеңімаз атанды.
Қара теңіздің жағалауында өткен бұл жарысқа әлемнің 20 елінен келген балуандар сынға түсті. Тартысты өткен белдесулердің қорытындысы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқан Бекжан Әлімжанұлы жеңіс тұрғынан көрінді. Осы жеңісінің арқасынжа шиелілік балуан 2 дүркін әлем кубогының жеңімпазы деген атқа ие болды.
Айта кетейік, Бекжан Төлепов былтыр да аталған турнирде әлем кубогының жеңімпазы атанған болатын. Ал турнирді «Qazaq kuresi» ассоциациясы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Румыния «Qazaq kuresi» ассоциациясы және Румыниядағы Қазақстанның елшілігі ұйымдастырып келеді.

Рамазан ӘНӘПИЯ
20 қыркүйек 2022 ж. 1 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031