Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алпыс жасқа толар еді...

Алпыс жасқа толар еді...


Көзі тірі болғанда КСРО-ның даңқты ба­луаны, еркін күрестің хас шебері Аслан Хадарцев бүгін 60 жасқа толар еді. Аслан Хазбиұлы 1961 жылдың 4 ақпанында Солтүстік Осетияның Алагир ауданының Суадаг қаласында дүниеге келді. Сол жақ­та жүріп, еркін күреспен шұғылданды. Шебер­лігі толыса келе КСРО құрамасы сапына қабылданып, көптеген биік белестерді бағын­дырды. Атап айтсақ, 100 және 130 кило салмақ дәрежелерінде күш сынасып, үш дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, төрт дүркін Әлем кубогының иегері, Достық және Ізгі ниет ойындарының жеңімпазы атанды. 1990 жылдың көктемінде Хадарцев жол апатынан қаза тапты. Ол небәрі 29 жаста еді...
Асланның туған інісі де даңқты балуа­н. 56 жастағы Махарбек Хадарцев кезінде Сеул мен Барселонада бас жүлдені олжаласа, Атлантада күміс медальді мойнына ілді. Әлем және Еуропа чемпионаттарын бес реттен ұтты. Әр жылдары ол Владикавказ қала­сының мэрі, Ресейдің Мемлекеттің Дума­сының депутаты болды.
 
egemen.kz
04 ақпан 2021 ж. 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031