ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕН
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері боз кілемде белдесушілер көбейіп, төл спорт түрі ұлттық брендке айналды десек, артық айтпағанымыз болар. Бүгінде әлем назарын аударып отырған қазақ күресінің бәсі биік. Тарихи және ауыз әдеби деректерге қарағанда, қазақтың әр баласы ес танығаннан күреске етене жақын болған. Қазақ күресін жалпақ жұртқа насихаттап, әлемдік деңгейге көтерілуіне үлкен күш жұмсалды. Ол үшін шет елдерде «қазақ күресі» федерациясы құрылып, ұлттық спорттың ережесі бекітілді.
Соңғы жылдары қазақ күресінің көкжиегі кеңейіп келеді. Елімізде «Қазақ барысына» лайықты азаматтарымыз жетерлік. Барыс дегенде әр қайсымыз әңгіменің күрес жайында екенін бірден түсінеміз. Бүгінгі таңда, күрес те түрленген. Өнер барысы, ұстаз барысы, жас барысы, әскер барысы деп кете береді. Бұлардың дені көбіне ел ішінде өтеді. Ал, халықаралық және әлемдік додалардың орны бөлек. Ондағы бәсекенің бәсі де бір басқа. Осындай додалардың бірінде оза шауып, ауданның ғана емес еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды желбіреткен жерлесіміз Бекжан Әлімжанұлы жуырда ғана әлем кубогының жеңімпазы атанды. Ол қазақ күресінен Румынияда өткен ересектер арасындағы сайыста 55 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстан мен Румыния бірігіп өткізген бұл сайыс пандемея басталғалы бері қолға алынған алғашқы ірі халықаралық дода болды. Бекжан әлемнің 21 елінен келген спортшылардың ішінен оза шауып, ел намысын қорғап, балуандармен боз кілемде белдесті.

Жуырда ғана елге жеңіспен оралған Бекжан Әлімжанұлын аудан жұртшылығы салтанатты түрде қарсы алды. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қатысып, қазақ күресінен әлем чемпионы Бекжан Төлеповты жеңісімен құттықтап, спорт бәсекесінде ел намысын қорғағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, көк байрақты желбіреткен спорт шеберін біршама мекеме қызметкерлері де келіп құттықтады. Атап айтсақ, «Өскен өңір» редакциясының тілшілері, жастар ресурстық орталығы, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері әлем чемпионының қуанышына ортақтасты. Сонымен қатар, облыстың «Qazaqstan qyzylorda» телеарнасы арнайы келіп, батырды темір жолдың торабынан күтіп алды.
Осы аптада аудан әкімі Нариман Мақұлбеков әлем кубогының жеңімпазы Төлеп Бекжанды қабылдады. Аудан басшысы қазақ күресінен әлем кубогының жеңімпазы атануымен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Н.Әскербекұлы ауданның спорт саласында еңбек етіп, жас спортшылардың биік белестерді бағындыруына үлес қосып, жастарымызды спортқа баулып, отансүйгіш азамат болып тәрбиеленуіне аянбай қызмет етіп жүрген Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебінің қазақ күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы Б.Төлепке шынайы алғысын білдірді. Қабылдау соңында аудан әкімі Н.Мақұлбеков Бекжан Төлептің алдағы жоспарларына сәттілік айтып, толағай табыстар тіледі.
Сымбат СҰЛТАН