Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Белдесуден ІІ "Халық барысы" республикалық турнирі өтеді

Белдесуден ІІ "Халық барысы" республикалық турнирі өтеді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында 25-26 мамырда қазақ күресінің бір тармағы - белдесуден республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Кенжебулатов баспасөз конференциясында хабарлады.

Осы жылы 20 миллион жүлде қоры үшін күресуге Қазақстанның барлық өңірінен 1000-ға жуық балуан қатысады деп күтілуде.
Екінші рет өткелі отырған турнир "Рухани жаңғыру" мақаласын іске асыру мақсатында ұмыт қалған көне балуандық өнеріміз "белдесу" спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылады.   
"Биылғы турнирдің басты ерекшелігі: көрермендер арасында автокөлік ойнатылады. Сондай-ақ, жаттықтырушыларға арнайы сыйақы тағайындалып отыр. Жарысқа 18 бен 50 жас аралығындағы салмағы 70 келіден асатын Қазақстан Республикасының кезкелген азаматы қатыса алады", - деп атап кетті федерацияның бас хатшысы Б.Сәбитов.
Сондай-ақ, қатысушыларға қойылатын талаптармен таныстырды. Спикер айтып өткендей, жарыс барысы Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес және олимпиадалық жүйе бойынша өткізіледі. Балуандар күресі негізгі үш нәтижемен бағаланады: "жеңді", "жеңілді", "тең түсті". Қатысушылар спорттық жарыс алдында медициналық тексеруден өтуі, тіркеу уақытынан кешікпеуі, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға, ережелерге бағынуы тиіс.      
Турнирдің ресми ақпараттық ресурсы www.qazaqstanbarysy.kz сайты, қосымша ақпараттар "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының әлеуметтік желілердегі ресми өкілдіктерінен таратылады.
17 мамыр 2019 ж. 422 0

Соңғы жаңалықтар

ШІРІК-РАБАТ ШАҺАРЫ

ШІРІК-РАБАТ ШАҺАРЫ

29 қыркүйек 2022 ж.
Сөз қадірі – өз қадірің

Сөз қадірі – өз қадірің

29 қыркүйек 2022 ж.

Қоғам

ШІРІК-РАБАТ ШАҺАРЫ
29 қыркүйек 2022 ж. 71

Сөз қадірі – өз қадірің

29 қыркүйек 2022 ж.

ҰСТАНЫМЫ МЫҚТЫ ҰСТАЗ

28 қыркүйек 2022 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9034)

27 қыркүйек 2022 ж.

№76 (9033)

24 қыркүйек 2022 ж.

№75 (9032)

20 қыркүйек 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам