Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуесқойлар арасында футболдан Almaty cup 2018 чемпионаты өтеді

Әуесқойлар арасында футболдан Almaty cup 2018 чемпионаты өтеді



Шілде айының 30-ы сағат 12:00-де аула командалары арасында футболдан Almaty cup 2018 чемпионаты өтеді. Оған 8-ден 14 жасқа дейінгі кез келген балалар мен жасөспірімдер қатыса алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Жарыс 11 жастағы алматылық Ян Кузнецовтың бастамасы бойынша ұйымдастырылады. Ол осы жарысқа әр ауданда өтіп жатқан «Спорт менің ауламда» бағдарламасының қатысушыларын арнайы шақырды.
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы жас спортшының бастамасын қуана қолдап, ол үшін жарысқа арнайы грамоталар мен медалдар табыстайды.
Қала біріншілігі Абай көшесі-141 мекен жайы бойынша былтыр қала басшылығының көмегімен тұрғызылған спорт алаңында өткізіледі.
Айта кетер жайт, әр команда сапында 5 адам (1 ауыстыратын ойыншы) болуы тиіс. Кез келген адам қатыса алады. Қатысуі – тегін.


28 шілде 2018 ж. 916 0