Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада теңге ілу мен аударыспақ спортынан Азия чемпионаты өтеді

Астанада теңге ілу мен аударыспақ спортынан Азия чемпионаты өтеді



Астананың 20 жылдығы қарсаңында теңге ілу мен аударыспақ спортынан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Today.kz.
Ұлттық спорттың биылғы маусымашар бәсекесі халықаралық жарыстармен басталмақ. 
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында маусым айының 1-2 күндері Астанада Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты өткізілмек. 
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлттық спортты дамыту бойынша арнайы мəжіліс өткізіп, байрақты бəсекенің дайындығын пысықтады. Мәжіліске ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев және чемпионаттардың өткізілуіне жауапты мекемелердің мамандары қатысты. 
Қос бірдей халықаралық ұлттық спорт бәсекелерінде Азияның онға жуық мемлекетінің спортшылары бақ сынамақ. 
Еске салып өтсек, бұған дейін Аударыспақтан І Азия чемпионаты 2014 жылы Астанада, ал, ІІ Азия чемпионаты 2016 жылы Қытай елінде өткен болатын. Теңге ілуден І Ашық Азия чемпионаты 2015 жылы Елорда төрінде ұйымдастырылды.
08 мамыр 2018 ж. 2 751 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 55

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930