Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айсамал алтын алды

Айсамал алтын алды

Жуырда Өзбексатанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тақты.
Ол 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсыласқа шақ келтірмей, жеңістің жоғарғы тұғырынан көрінді. Жерлесіміз жұлқа көтеруден – 113, серпе көтеруден – 145, қос сайыс қорытындысы бойынша 258 келіні бағындырды.
Айта кетейік, Айсамал былтырғы жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 2 мәрте алтын медаль алса, Перудың Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының жеңімпазы атанған. Ол бүгінгі таңда, Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде студент. Алтыннан алқа таққан Айсамалды Арман Абдраев, Нұрсұлтан Бахрадин, Мұхаммед Тұрысбеков сынды жаттықтырушылар бабына келтіріп шыңдауда.

«Өскен өңір» ақпарат
01 маусым 2021 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031