ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕН БЕКЖАН

Елімізде «Қазақ барысына» лайықты азаматтарымыз жетерлік. Барыс дегенде әр қайсымыз әңгіменің күрес жайында екенін бірден түсінеміз. Бүгінгі таңда күрес те түрлеген. Өнер барысы, ұстаз барысы, жас барыс, әскер барыс деп кете береді. Бұлардың дені көбіне ел ішінде өтеді. Ал, халықаралық және әлемдік додалардың орны бөлек. Ондағы бәсекенің бәсі де бір басқа. Осындай додадалардың бірінде оза шауып, ауданның ғана емес еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды желбіреткен жерлесіміз Бекжан Әлімжанұлы жуырда ғана әлем кубогының жеңімпазы атанды. Ол қазақ күресінен Румынияда өткен ересектер арасындағы сайыста 55 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстан мен Румыния бірігіп өткізген бұл сайыс пандемея басталғалы бері қолға алынған алғашқы ірі халықаралық дода болды. Бекжан әлемнің 21 елінен келген спортшылардың ішінен оза шауып, ел намысын қорғап, балуандармен боз кілемде белдесті.