Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш дүркін әлем чемпионы

Үш дүркін әлем чемпионы

Жауырыны жер иіскемеген кешегі Балуан Шолақ, Қажымұқан сынды қазақ балуандарының ізін жалғап жүрген жерлесіміз Бекжан Төлепов тағы да туған жерге жеңіспен оралды.
Айта кетейік, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектептің түлегі, ауданның атын асқақтатып, көк байрағымызды биіктетіп жүрген спортшы Бекжан Төлепов екі дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ өткен жылы қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» яғни, жылдың ең үздік балуаны атанған болатын. Биыл да «Дала қырандары» республикалық турнирінде 55 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз мықтылығын дәлелдеп, «Дала қыраны» титулына ие болып, өз салмағының «Бас балуаны» атанғаны естеріңізде болар. Сол сәтте балуан желтоқсан айында Астана қаласында қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатына іріктелген болатын. Міне, осы тартыс­ты бәсекеде әзірбайжандық қарсыласынан басым түскен Бекжан үш дүркін әлем чемпионы атанды.
Туған жерге табан тіреген жеңімпаз ұлды аудан әкімдігі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, әріптестері мен туған-туыстары қарсы алды. «Болар елдің ұлдары бірін-бірі батыр дер» демекші, жеке кәсіпкер Балдәурен Құлқараев балуанға арғымақ мінгізіп, көк туымызды биікке желбірете беруіне тілектестігін жеткізді. Аудан халқы ыстық ықыласын білдіріп, тілектерін жаудырды.

"Өскен өңір" ақпарат


18 желтоқсан 2022 ж. 1 268 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам