Дала қыраны
Өткен аптада Астана қаласындағы қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. «Qazaq kuresi» Ассоциациясының ұйымдастыруымен болған турнирде жерлесіміз Бекжан Төлепов те бақ сынаған болатын.
Айта кетейік, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектептің түлегі, ауданның атын асқақтатып, көк байрағымызды биіктетіп жүрген спортшы Бекжан Төлепов екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ өткен жылы қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» жылдың ең үздік балуаны атанған болатын. Міне биыл да «Дала қырандары» республикалық турнирінде 55 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз мықтылығын дәлелдеді.

Кеше теміржол вокзалына табан тіреген пойызды қарсы алған аудан әкімдігі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, әріптестері мен туған-туыстары құшақ толы гүлдерімен қарсы алды. Аудан халқы ыстық ықыласын білдіріп, тілектерін жаудырып жатты.
Енді жерлесіміз «Дала қыраны» титулына ие болып, өз салмағының «Бас балуаны» атанды. Балуан алдағы желтоқсан айында Астана қаласында қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатына іріктелді. Енді бәсі биік додада ел намысын қорғайды. Жерлесімізге сәттілік тілеп, ауданның атын асқақтата бер демекпіз.
«Өскен өңір» ақпарат