Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр Жүкембаевтің келесі қарсыласы белгілі болды

Батыр Жүкембаевтің келесі қарсыласы белгілі болды

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге жақындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Primerahora.com мәліметінше, Жүкембаевтың келесі қарсыласы пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) болауы мүмкін. Жекпе-жек мамырға жоспарланған.


Жүкембаев - Матиас жекпе-жегінің жеңімпазы IBF рейтингінде екінші орынға көтеріліп, Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) - Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар арасындағы жекпе-жекте жеңген боксшы бірінші жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атанады.

Жүкембаев рингке соңғы рет биыл қаңтарда шығып, Монреальда мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңген болатын. Бұл кездесуде ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарын қорғаған еді.

massaget.kz
07 наурыз 2021 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30