Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Дүйсенбі күні аудан әкімі Нұржан Ахатов Өзбекстанның Наманган қаласында өткен белбеу күресінде әлем чемпионы атанған ­Жандос Шәкенұлын қабылдады.
Аудан әкімі әлем біріншілігінде көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелеткен Жандосты жеңісімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Жандос та аудан әкіміне алғысын айтып, алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.
Айта кетейік, Шиелі кентінің тумасы Жандос Әбубәкіров белбеу күресінен Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Осы уақытқа дейін ол ересектер және жастар арасында Қазақстан біріншілігінің чемпионы, белбеу күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Бұл жолы Жандос 8-11 қыркүйек күндері Өзбекстанда өткен ересектер арасындағы белбеу күресінен әлем біріншілігінде бақ сынап, 57 келі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
13 қыркүйек 2022 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930