Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШАХМАТТАН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШАХМАТТАН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы, ФИДЕ шебері Назерке Нұрғалимен кездесіп, жас шахматшы мен оның бапкері Василий Шимелковқа алдағы сайыстарда жеңіс тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 ж. 20-29 сәуір күндері Албанияның Дуррес қаласында өткен оқушылар арасында Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Әлем чемпионы атанды.
Албанияда оқушылар арасындағы әлем чемпионатына 40 елден 420 спортшы жүлделерді сарапқа салды. Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.
«Бұл менің халықаралық байқаудағы алғашқы алтын медалім, одан бұрын биыл Таиландта өткен Азия чемпионатында және 2017 ж. Румыниядағы әлем чемпионатында күміс медальдарды жеңіп алған едім. Облыс басшылығына спортсмендерді үнемі қолдап, аймағымызда шахмат ойынын дамытып жатқаны үшін алғыс білдіремін», - деді Назерке Нұрғали.
Тамыз айында Назерке Моңғолияда Азия чемпионатына, ал қыркүйекте Түркияда Әлем чемпионатына 20 жасқа дейінгі қыздар арасында қатысады және қазан айында Грекиядағы әлем біріншілігінде 14 жасқа дейінгі спортсмендер арасында бақ сынасады. 







14 маусым 2018 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (8617)

17 тамыз 2018 ж.

№61 (8616)

14 тамыз 2018 ж.

№60 (8615)

11 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам