Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы жүлделі оралды

Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы жүлделі оралды



Тайландтың Чиангмай қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы 6 жүлдені қоржынға салды. 
Жекелей сында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынасқан Назерке Нұрғали рапид бойынша күміс жүлдені иеленсе, өз жас ерекшелігінде командалық есепте классикадан екінші болды. 
8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Кәусар Али командалық есепте рапидтен алтын, классикадан күміс жүлделерді еншіледі. 16 жасқа дейінгі қыздар арасында Әсел Серікбай блиц және классикадан қола жүлделерге қол жеткізді. 
Жалпы жарысқа әлемнің 26 елінен 570 спортшы қатысты. 
Спортшылар № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. 
17-30 сәуір аралығында Албанияның Дуррес қаласында оқушылар арасында өтетін Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали мен Кәусар Али ел намысын қорғаса, Әсел Серікбай Алматы қаласында болатын ҚР чемпионатының финалына әйелдер арасында алғашқы рет бақ сынасады. 
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.
11 сәуір 2018 ж. 1 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31