
Жағымсыз әдеттен арылатын уақыт жетті
Үй ішінде мүлгіген тыныштық орын алған. Бөлмедегі үнсіздік бейне бір құлаққа ұрған танадай жым-жырт. Маңайдағы мәуілжіген тыныштықтың әсерінен тек дастарқан басындағы қос қарияның ыстық шайды ұрттап ішкен демі ғана естіліп тұр. Кемпірінің қаймақ қатқан қою күрең шайын мейірлене ішкен ақсақал іштей осы күніне...










