Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бекем елге борыштармыз

Бірлігі бекем елге борыштармыз

Қазақта «Аштықта жеген құй­қаның дәмі кетпейді» деген сөз бар екен. Сондай кезді көзбен көрген, сол қиындықты бөліскен, жылылығын сездірген, мейірімін көрсеткен, бір үзім нанын бөліп берген, қамқа тонын иығымызға жапқан қазақ халқына алғыс білдіремін.

Қазақылық қаймағы бұзылмаған өңірде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде еркін сөйлеп, кез келген басқосуларда өз үндеуін жеткізіп отырады. Басына іс түскен өзге ұлт өкілін бауырына басқан қазақ жұртының қамқорлығын менің аталарым да көрген. Қуғыншылықтан бас сауғалап келген біздің туыстарымыз қазақтан пана тапқан. Мен мұны әке-шешемнің әңгімесінен естігенмін. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысып, өлеңдерін жаттаған сәтте қазақ тілінің сондай керемет, бай, қуатты тіл екенін аңғардым. Ал қазір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде филология мамандығын тереңнен меңгеруге тырысып жүрген соң жаңылыспағаныма көзім жетті. Жалпы өмір жолымдағы жеткен жетістіктерім үшін қазақ еліне, оның қонақжай халқына басымды иіп өтемін. Осы елге, қазақ халқына қызмет ету мақсатым. Қазақстанды өзімнің Отаным, өскен жерім деп, осы елге деген сүйіспеншілігімді жүрегімнің төрінде мәңгілік сақтаймын. Сондықтан қазақ халқына алғыс айтудан ешқашан шаршамаймын. Мереке құтты болсын! Халықтар достығы жасай берсін!

Елена Пак,
кәріс ұлтының өкілі,
Абай Құнанбайұлының 150 өлеңін жатқа біледі,
Бетті әзірлеген Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.

29 ақпан 2020 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930