Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

Шымкентте өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты



ҚазАқпарат - Шымкентте  «Көршіге ізет» атты шара ұйымдастырылып, онда өзге ұлттың өкілдері қазақ халқына алғыс айтты. Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында басталған апталықтың бір  күні осындай игі шарамен жалғасты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні қала іргесіндегі  Сайрам тұрғын үй алабындағы өзбек этносының белді азаматтары көршілес Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу, Тассай, Мәртөбе, Тоғыс, Бадам, Қарабастау ауылдарының абзал қарияларын дастарханға шақырды. Абыройлы ел ағаларын  қонақ қылып күтіп, ізет көрсетті. Мерекелік жиында тұрғындар бір-біріне ілтипат жасап, жергілікті этнос өкілдері қазақ еліне деген ақеділ алғысын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін қалада «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында апталық ұйымдастырылып, шара «Қайырымдылық күнімен» бастау алды.  Қазақстан халқы Ассамблеясы «Сыбаға» іс-шарасы өткізді.   
inform.kz
25 ақпан 2019 ж. 1 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031