2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді

«Жаныңда жүр жақсы адам» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді

Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай №24 «Орман шебері» оқу тобының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мерекелік концертті колледж директоры М.Дүйсенов ашып беріп, «Алғыс айту»күнінің тарихымен таныстыра келе, ата-аналарға, ұстаздарға білім алушыларға колледжіміздің көркейіп, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында зор үлестері үшін алғысын білдірді. Мерекелік кеште мың бұралған бишілердің орындауында «Достық биі», «Қазақтың ұлттық биі», «Өзбек ұлтының билерімен» сахнаның көркін ашса, Исаева Айнель, Сауранбек Айзада, Орынбасарқызы Рсалды сынды қыздарымыз патриоттық әндерін тарту етті. № 24 оқу тобының білім алушылары өздеріне білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарына жеке -жеке алғысын білдіру мақсатында жыр шумақтарымен ұстаздардың жүректеріне жол таба білсе, «Жайдарманшы» жігіттері кешке келген қонақтардың көңілін көтеріп, өз әзілдерімен ата-аналарына, ұстаздарына, достарына деген алғысын білдіріп өтті.
01 наурыз 2020 ж. 1 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930