Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы – өнеге айнасы

Отбасы – өнеге айнасы


Тәуелсіз еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кірудегі басты шарттардың бірі – бұл заман талабына сай келетін мамандарды дайындау болып табылатыны сөзсіз. «Отандық кадрлық әлеуметті тәрбиелеу мен қалыптастыру – жалпы мемлекеттік міндет, әрқайсымыздың парызымыз», – деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі осы бағытта өз жұмысын жасап келеді. Осы жылдар ішінде оқу орнынан әртүрлі саланы қамтитын мамандықтар бойынша мыңдаған студенттер қанат қақты.
«Бүкіл күш-жігерің еліңнің игілігі үшін» деген ғажайып ұстанымды берік ұстанған бұл оқу орында №6 «Ұсату қондырғысының машинисі» оқу тобы білім алушыларының ұйымдастыруымен «Отбасы – өнеге айнасы» атты тақырыбында мерекелік, ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш тәрбие сағатының мақсаты - халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұрасын, отбасылық өмір салтын, жақсы үлгі-өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділік, парасаттылық сияқты үлгі істерін ұрпақтан – ұрпаққа насихаттап жеткізу болып отыр. Сондай-ақ, отбасы арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға деген тәрбиесі, бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеуге негіз болуда. Шара барысында, №6 оқу тобының топ жетекшісі Л.Рахманберді жүргізіп, оқу тобы жігіттері «Ассалаумағалейкум» әнімен тәрбие сағатын ашып, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Таубайұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар, отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы саналатын болғандықтан ата-аналарда атсалысып, мерекелік шараны одан әрі қызықтай түсті. Білім алушылардың аналары ән шырқаса, әкелер тобы вокалды инструменталды «Думан» ансамбілімен өз өнерлерін ортаға салды. Осы орайда, колледж ұжымымен тығыз байланыс орнатып, балаларының таңдаған мамандық иесі болып шығуына үйде де, түзде де демеуші болып, қолдап жүрген ата-аналарын «Отбасы» күнімен құттықтап, мерекелік концерт қойып, бұл шара ата-аналар арасындағы тығыз байланысты көрсете білді.
Биылғы оқу жылында колледжде инженер-педагог қызметкерлер мен білім алушыларға арнайы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқу жаттығу залы ашылып, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, білім алушылардың өнерін шыңдау барысында дыбыс жазу бөлмесі (аудио запись студиясы), фото және видео студиясы өз жұмысын бастап кетті. Бұл да студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған бірден-бір жолы.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031