Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жерінде тұрған соң, тілін де білу керек

Қазақ жерінде тұрған соң, тілін де білу керек

Әр халық өз ұлтының тарихын тану, салт-дәстүрін ұстану мақсатында еліміздің барлық өңірінде этномәдени орталықтар құрылған. Бүгінде бейбітшілік пен татулықты тұғыр еткен елімізде сан түрлі ұлт өкілі өмір сүреді.

Орыс ұлтының өкілдері де өз еңбектерінің қазақ топырағында жеміс беріп жатқанына қуанышты. Менің екі перзентім бар. Қазақстан – менің және менің бала-шағамның ­Отаны. Сондықтан біз қазақ елінің азаматы ретінде осы жерге қызмет етуге тиіспіз. Бала-шағамызбен қазақ елінің дәстүрін сыйлап, олардың тілін білу керекпіз. Міне, көптеген ұлт өкілімен бірге біз де тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Бүгінгі таңда осы қазақ халқының арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатыр. Қазақ елінің күнтізбесіне қосылған осы бір мереке, 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғанына өте қатты қуанамын. Бұл мереке халықтар арасындағы достық пен бірлікті одан әрі нығайта түсетіні анық. Қазақ халқының ықыласы мен дархан көңілінің арқасында біздің де көсегеміз көгеріп, өсіп-өніп жатырмыз. Басымызға күн туып, зұлмат күнді бастан кешкенде бауырына басқан елдің жақсылығы біз үшін ұшан-теңіз. Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде Егемен Қазақстан бар, оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы, бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Биік істер адамды өсіретін болса, биік сөздер адамды марқайтады. Бүгінгідей «Алғыс айту» күні мерекесінде Қазақстанда тұратын барша халықты осы айтулы мерекемен құттықтап, ортақ мақсат аясында топтаса түсуге шақырамын.

Галина Шальмина, орыс ұлтының өкілі,
Бетті әзірлеген Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.


29 ақпан 2020 ж. 609 0