Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс айту – парызым

Алғыс айту – парызым

1 наурыз – күнтізбеде ерекше мерекемен айшықталатын күн. Елбасы Жарлығымен аталып өтетін Алғыс айту мейрамы көпұлтты халқымыздың ынтымағын арттырып, баршамызға ортақ ел мен жерді сүйіп, құрметтеуге серпін бермек. Шиелі кентінде тұтас ауыл болып рақмет айтатын елді-мекендер бар. Солардың бірі – Бидайкөл ауылы.

«Алғыс айту – паразым». Дәл осындай тақырыппен жұма күні Бидайкөл ауылдық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынның шымылдығы хакім Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен түрілді. Ал ауыл әкімі Жомарт Ақбергенов тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып: «Осы игі шараны пайдалана отырып, ел Тәуелсіздігін нығайтуға, оның қуатын арттыруға айрықша үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, ауылға әкім болып сайланғаныма аз ғана уақыт өтті. Осылай маған сенім білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Қаншама бата мен сенімді ақтауға тырысамын», – деді.
Сонымен қатар жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Бектегенов пен әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Назарбекова тарихқа кідіріс жасап, ауылдың өткені мен бүгінін айта отырып, барша тұрғындарға риясыз алғысын жау­дырды.
Керемет көңіл күй үйлесім тапқан шарада «Көркемсөз» үйірмесінің мүшелері Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқыса, «Ақ тілекті әжелер» ансамблі әсем ән шырқады. Мың бұрылған биші қыздар ұлттық әрі заманауи би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ауылдық мәдениет үйінде өткен шараны көре отырып, ондағы жастардың, өнерпаздардың, тұрғындардың әр күні берекелі екенін байқадық.

Сұлушаш МАДИЯРОВА

29 ақпан 2020 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031