Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дархан еліме мың алғыс

Дархан еліме мың алғыс


Кеше арман мәдениет үйінде 1 наурыз – алғыс айту күніне орай «Дархан еліме мың алғыс» атты мерпекелік кеш өтті.

Кеш барысында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Жаниязов:
– Елбасы төрағалық ететін ҚХА және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностарды мәңгілікке топтастырып, ұлыстар достығын нығайта түсетіндігіне сенімдімін.
Алғыс айту күнінде барша аудан халқына елімізді өркендету мен дамудың жолындағы жұмыстарға сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс айтамын. Ел экономикасының дамуында ерекше орын алатын кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс, мал шаруашылық саласында қызмет атқарып келе жатқан кәсіпкерлерге, құрылысшыларға, диқандарға, қарапайым шаруа адамдарға, өз ісінің майталманы болып келе жатқан мамандық иегерлеріне ризашылығымды білдіремін. Ұрпақ тәрбиелеген ұстаздар мен ұлт саулығын ойлаған ақ халатты абзал жандарға да халыққа қалтқысыз қызмет жасағандары үшін алғыс айтамын. Жасампаз елдің жаңаруы мен дамуы жолдарында жалынды жастығымен жаңа серпін әкелген жастарға да алғыс білдіремін, – деп көпшілік қауымға өз алғысын жеткізді.
Мерекелік кештің соңы ұйымдас­тырушылардың дархан елге, ғажайып жерге, азаттық таңға, Шиелі ауданының халқына алғыс айтуымен тәмамдалды.

М.БОЛАТҚЫЗЫ.
02 наурыз 2019 ж. 2 003 0