
ЖАЛҒЫЗДЫҚ ТРЕНД ПЕ, ТРАГЕДИЯ МА?
Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, «елімізде 4 миллионға жуық бойдақ жігіт пен тұрмыс құрмаған бойжеткен бар» деген дерек көзге оттай басылады. Бұл нақты сан ба, әлде дабыл қағар статистика ма – оны тиісті мекемелер айқындай жатар. Бірақ бір шындық анық. Бүгінгі қоғамда шаңырақ көтеруге асықпайтын, не асықса...











