Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ


Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі - бар болса;
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8)отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының қалалық және аудандық кезеңдеріне қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2026 жылғы 15 мамырдан - 15 маусымға дейін Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің қоғамдық даму бөлімдеріне өтінім береді.
Ескерту: қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар, бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

#Мерейліотбасы, #МерейліотбасыKZO2026
15 мамыр 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031