Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ НЕГІЗІ

РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ НЕГІЗІ

2026 жылғы 11-13 мамыр аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы-теолог Елдос Жұмаділдә Шиелі ауданына арнайы іссапармен келді. Іссапар Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімі ұйымдастырған әлеуметтік жоба аясында өткізілді.

Іссапар барысында аудан көлеміндегі бірқатар діни және білім беру мекемелерінде кездесулер ұйымдастырылып, қоғамдағы діни тұрақтылық, жастар тәрбиесі, дәстүрлі рухани құндылықтар, жат діни ағымдардың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында мазмұнды пікір алмасулар өтті.

Алғашқы кездесулердің бірі «Мұсылмандар» мешітінде өткізіліп, мешіт жамағатымен еркін форматта сұхбат құрылды. Кездесу барысында дін мен дәстүр сабақтастығы, қоғамдағы имандылықтың маңызы және отбасы тәрбиесі төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіді.

Сондай-ақ «Нұр-Иман» мешіті жамағатымен кездесу ұйымдастырылып, тұрғындардың көкейіндегі діни сауалдарға жауап берілді. Теолог жастар арасында ақпараттық қауіпсіздік пен діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Іссапар аясында №252 Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен және колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде жастардың рухани тәрбиесі, әлеуметтік желідегі діни ақпараттарға сын көзбен қарау, отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтар жайында тағылымды ойлар айтылды. Жастар тарапынан қойылған сауалдарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.

Сонымен қатар Шиелі аудандық орталық мешіті базасында аудан имамдары мен дін қызметкерлерінің қатысуымен арнайы кездесу өткізіліп, қазіргі діни ахуал, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі және халықпен жұмыс жүргізудің маңыздылығы кеңінен талқыланды.

«Ы. Жақаев» мешіті жамағатымен өткен кездесуде де рухани құндылықтарды нығайту, ел бірлігі мен татулықты сақтау мәселелері қозғалып, қоғамдағы ауызбіршіліктің маңызы насихатталды.

Іссапар соңында Шиелі ауданының қарилар медресесі шәкірттерімен кездесу өткізіліп, болашақ дін мамандарына білім мен тәрбиенің қатар жүруі, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу және жауапкершілік мәселелері жөнінде тағылымды насихат айтылды.

Аталған кездесулер тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
15 мамыр 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031