Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДА РУХАНИЯТ ПЕН БІРЛІККЕ ҮНДЕЙТІН КЕШЕНДІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА РУХАНИЯТ ПЕН БІРЛІККЕ ҮНДЕЙТІН КЕШЕНДІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

2025 жылдың 11-13 сәуірі аралығында Шиелі ауданында ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге арналған мазмұнды іс-шаралар өтті. Шаралар Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде, “Асыл мұра – Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Үш күнге жалғасқан кездесулерге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог және исламтанушы Ризабек Батталұлы арнайы шақырылып, түрлі аудиториямен ашық форматтағы диалогтар өткізді. Шиелі ауданына қарасты бірнеше елді мекенде жергілікті тұрғындармен жүздесіп, жастарымен және көпбейімді аурухана мен «Семизбай-U» ЖШС қызметкерлерімен мазмұнды кездесулер өткізілді.
Іс-шаралар еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан ерекше қолдау тапты. Жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған түрлі әлеуметтік және діни мазмұндағы мәселелерді ортаға салып, пайдалы әрі мазмұнды ақпараттар алды. Кездесулер барысында қатысушылардың рухани құндылықтар мен ұлттың тарихи мұрасы жөніндегі ойлары тыңдалып, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған идеялар ортаға салынды.
Іс-шара барысында айтылған маңызды мәселелер қатарында жастардың діни білім мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтары және олардың қоғамдағы рөлі жөніндегі сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, әрбір кездесуде қатысушылардың белсенділігі мен пікірлерінің маңызды екені атап өтілді. Шара ұйымдастырушылары жергілікті атқарушы билік өкілдеріне және барлық қатысушыларға алғысын білдіре отырып, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, рухани және мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамдағы бірлікті арттыру мақсатында жаңа кездесулер мен бағдарламалар ұйымдастыру жоспарлануда.
15 сәуір 2025 ж. 119 0