"ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ КОМПАНИЯСЫ" ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2024 жылдың 22 мамыр күні облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Гежуба Шиелі Цемент компаниясының қызметкерлерімен "Қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірегейліктің маңызы" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ бөлім басшысы Нұргүл Дүйсебаева, мекеменің сарапшысы Бауыржан Үсенбаев, "Мәміле" және "Абай қазынасына саяхат" клубтарының жетекшісі Елена Пак, мекеменің Шиелі аудандық сарапшысы Біржан Өтебаев қатысты.
Нұргүл Әбдікамалқызы модераторлық еткен жиын барысында Бауыржан Серікұлы компания қызметкерлеріне өңірдегі этносаралық тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Елена Владимировна мемлекеттік тілдің түрлі салаларда қолданылуы туралы айтып баяндады.
Біржан Бақтыбайұлы аудандағы этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы және атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері өңірдегі этносаралық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған ауқымды істер, барлық этностардың жұмысы, тілдің дамуы туралы айтты.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, идеялар мен ұсыныстар ұсынды.
"Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы" ЖШС жоғары сапалы томпанажды цемент өндірумен айналысатын бірден-бір заманауи кәсіпорын. Компанияда жергілікті азаматтар жұмыс істейді.