Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте 1 тоннадан астам бауырсақ пісірілді 

Шымкентте 1 тоннадан астам бауырсақ пісірілді 

ШÑмкенÑÑе 1 Ñоннадан аÑÑам баÑÑÑÑÐ°Ò Ð¿ÑÑÑÑÑлдÑ

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері 1 тоннадан астам бауырсақ пісірді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ұлыстың ұлы күнін сән салтанатымен атап өткен іргелі жоғары оқу орны ақшаңқан киіз үйлер тігіп, мерекенің басты тағамы жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көжеден тарту жасады. 75 жылдық тарихы бар оқу орнында бүгінде 20 мыңнан астам студент білім алады. Ал университет былтыр «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» өңірлік рейтингінде 305 үздік жоғары оқу орны арасында 100- дікке іліккен болатын. Жыл сайын 700-ден астам студент пен 300 оқытушы оқуға және тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберілуде. Сондай-ақ биыл Жастар жылына орай жоғары оқу орны 500 орынға лайықталған жаңа студенттер үйін салуды жоспарлап отыр. Бұған шаһардың «Тұран» мөлтек ауданынан 8 гектар жер бөлініп, жоба жасалуда. Бұл ғимарат Оңтүстіккореялық инвесторлар есебінен тұрғызылмақ. Қайрат Нұрманбетов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірінші проректоры: – Барлық қазақстандықтарды келіп жеткен Ұлыстың ұлы күнімен осы жаңа жылдың бастауымен шын жүректен құттықтағым келеді. Жастар бірігіп 1 тонна бауырсақ пісірді.
www.24.kz
19 наурыз 2019 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930