Қызылордада жылыжай өндірісі дамып келеді
Қызылорда облысында жылыжай өндірісі дамып келеді. Сыр өңіріндегі жылыжайға қарасты 7 гектардан астам алқаптан былтыр 385 тоннадан астам өнім жиналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері шекарада тауар тексереді Ақмола облысында тәулігіне 500 тонна ұн тартатын диірмен іске қосылады Қызылордада экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындар қатары көбейді Олардың басым бөлігі Қызылорда қаласы аумағында орын тепкен. Облыс орталығында барлығы 122 жылыжай бар. Қазіргі таңда олардың 52-і жұмыс жүргізіп келеді. Солардың қатарында саналатын «Натишаева» және «Орда» шаруа қожалығы былтыр 100 тоннадан астам өнім алған. Сондай-ақ, бұл бағытта Шиелі ауданында да оңды істер атқарылып отыр. Ауданда 20-ға жуық кәсіпкер бірігуінің нәтижесінде көкөніс өсіретін жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Оның аумағы 2 гектарды құрайды. Аталмыш жылыжай кешенінде жылына 60 тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Бұдан бұрын Қызылорда облысында испаниялық технологиямен қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылатынын хабарлаған едік.
inform.kz
inform.kz