Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық 25 ЖОО үздік университеттер қатарына енді

Қазақстандық 25 ЖОО үздік университеттер қатарына енді

Quacquarelli Symonds агенттігі Шығыс Еуропа мен Орта Азияның үздік 300 университетін анықтады. Бұл тізімге отандық 25 жоғары оқу орны енді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бұл тізімде алғашқы орынға Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жайғасқан.
Ал одан кейінгі орынды тағы бір ресейлік оқу орны- ұлттық ядерлік зерттеу университеті иеленіпті.
Үздік үштікті Новосибирск мемлекеттік университеті тәмамдаған.
Бұл рейтинг бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 19-шы орынға табан тіресе, Еуразия ұлттық университеті 40-шы орынды, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университеті 70-ші орынды иеленген.
Аталған тізімде Қазақ-Британ техникалық университеті 77 -ші, Қазақ агротехникалық университеті 96-шы, ал Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 99-шы орыннан көрінді.
kaz.nur.kz
01 қараша 2018 ж. 996 0