Өркениет өлшемі
Талай түлектің арманына айналған еліміздегі шоқтығы биік білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына бүгнгі таңда 84 жыл толып отыр. Иә, университет – іргелі білім ордасы, кешенді ғылым орталығы, заманының заңғар перзенттері қызмет еткен қасиетті қарашаңырақ. Білім мен ғылымның ғана емес, аса көрнекті мемлекет пен қоғам қайраткерлерін тәрбиелеп өсірген, азаматтық тұлға қалыптастыру мен шеберлік шыңдаудың да жоғары сатысы.
Қазақ халқының бағына құрылып, бой көтерген алтын ұямыз 1934 жылдың 15 қаңтарынан бастап өз қызметін ресми түрде бастаған. Қазір әл-Фараби атындағы ұлттық университеті қазақтың жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие. Бүгінгі күні елдегі білім мен ғылымның ірі орталығына айналып отыр. Университет инновациялық дамудың көшбасшысына айналды. Отанымыздағы барлық білім беру жүйесінің тірегі, білікті ордасы. Мыңдаған түлектері Қазақстанда және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етіп жүр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ елімізде «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығын иеленген жалғыз университет. ҚазҰУ Қазақстанның ЖОО-дары арасында ұлттық рейтингі бойынша бірінші орында. Әйгілі QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтинг агенттігінің 2015 жылғы 15 қыркүйекте жариялаған зерттеу қорытындысына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі үздік 800 университет арасында 275-ші орынды иемденіп, ең үздік 300 университет қатарына қосылды. Бүгінгі таңда ҚазҰУ білім беру және ғылыми-зерттеу кешенінде ғылыми-зерттеу институттар, ғылыми-технологиялық парктер, әлеуметтік және гуманитарлық бейіндегі орталықтар, сондай-ақ, медицина орталығы мен 15 факультет бар. Құрамына профессорлар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен философия докторларынан тұратын екі мың оқытушы кіреді. ҚазҰУ қабырғасында Қазақстан ғылымының бетке ұстар элитасы шоғырланған. Жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 20000-ға жуық студенттер мен магистранттар еліміздің беделді оқу орнында теориялық және практикалық білім алып жатыр. Студент алмасу және тәжірибе жинау мақсатында бірлескен халықаралық академиялық мобильділік оқу бағдарламаларын оқу үрдісінде қолдану үшін ҚазҰУ шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа мүдделі болып отыр. Әлемнің 418 университеті академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша өзара ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс істейді. Университет кампусында студенттер үшін барлық жағдай жасалған.
Әр факультеттің өз жатақханасы мен асханасы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, заманауи спорт кешені, бірегей ғылыми кітапхана, жабдықталған түрлі жастар ұйымдары бар.
Осыдан 4 жыл бұрын мектеп бітіруші түлек атанып, елміздің жоғарғы оқу орындарының арасында таңдауды мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, соның ішінде экономика және бизнес жоғары мектебіне таңдау жасадым. Бұл факультетке: «Менеджмент және маркетинг», «Экономика», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы» сынды 4 кафедра кіреді. Мен қазіргі таңда бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып келемін және осы жоғарғы оқу орынын таңдағаныма өте қуаныштымын. Экономика және бизнес жоғары мектебі 1943 жылы ашылып, 1963 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын. Жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен түлеп ұшатын 500-ден астам бакалавр, магистр және Ph.D. докторлары бар. 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты мен 10 Ph.D. докторын қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық-оқытушылық құрам қызмет атқарады.
Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген отандық ғалымдар, беделді мемлекеттік қызметкерлер, табысты кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, атақты спортшылардың қара шаңырағында оқығыңыз келсе, қызықты іс-шараларға толы, мәнді әрі мағыналы студенттік өмір мен қолайлы кампусты көргіңіз келсе ҚазҰУ-ға кел, жас талапкер!
Ақмарал Жүсіпбекова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
экономика және бизнес жоғары
мектебінің 4-курс студенті.
С.Б.Баймұханова,
экономика ғылымдарының
кандидаты, доцент
ғылыми жетекшісі.
(ҚР Білім және ғылым министрлігінен
22.01.2002 жылы берген Серия АА №0000001 мемлекеттік лицензиясы)