КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ
А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Жиынға Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжілістегі «НұрОтан» партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің және Өңірлік саясат пен мәслихаттар мен жұмыс жөніндегі кеңестің мүшелері, Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары А.Евниев, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктерінің, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес саласының өкілдері қатысты.
Комитеттің отырысында аграрлық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері, коммерцияландыру және ғылым нәтижелерін өндіріске енгізу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне кадрлар даярлау проблемалары талқыланды. Ауыл шаруашылығы саласының инновациялық дамуы аграрлық ғылымның, аграрлық жоғары оқу орындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тығыз ынтымақтасуына байланысты екені. Өкінішке қарай, бұл әлі жеткіліксіз дамығаны атап көрсетілді. Бұған аграрлық ғылымның АӨК субъектілерімен өзара әлсізіс-қимылы, кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі, бюджеттен бөлінетін қаржы қаражатының тиімсіз бөлінуі мен игерілуі, ғылым қызметінің нәтижелерін өндіріске коммерцияландыру жүзеге асырылмайтыны әсер етеді.
Депутаттар талқыланған мәселелердің өзектілігіне назар аудара отырып, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін шешуге көмектесетін ғылымның, білім берудің және ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі интеграциясының қажеттілігін атап өтті.
Отырыста айтылған ұсыныстарды ескере отырып, комитет уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстарды әзірлейтін болады.
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ