Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды.
Отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық саясатты және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы қызмет бағыттарын одан арғы жүзеге асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыс қатысушылары 2017 жылдың қорытындылары бойынша жалпы экономикалық ахуалдың жағымды динамикасын атап көрсетті және алынған қарқынды сақтау мен экономиканың барлық сегменттерінің одан арғы өсімі бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
Министрліктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы үстіміздегі жылғы наурыздың соңы мен сәуірдің басына жоспарланды.
Анықтама: ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің құрамына Министрлік басшылығынан басқа, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Қарақұсова, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы басқарма кеңесінің төрайымы Ж.Ертілесова, «Қазақстанның экономистер қауымдастығы» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы О.Жандосов, Қазақстан Республикасының құрылыс саласы ұлттық қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті А. Ермұханов, азаматтық сала өкілдері А.Дунаев, А.Елемесов, А.Сәйденов кіреді.
Еркін ҚАЛДАН
09 ақпан 2018 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930