Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗАҢ ҚАБЫЛДАНҒАНЫМЕН, ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ РЕТТЕЛЕ МЕ?

ЗАҢ ҚАБЫЛДАНҒАНЫМЕН, ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ РЕТТЕЛЕ МЕ?


Парламент Мәжілісінің  пленарлық отырысында депутаттар «Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды қадағалау мәселері жөніндегі ҚР бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының жұмысын қабылдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған заң жобасы Президенттің ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауына сәйкес әзірленді. Заңжобасын әзірлеудің негізгі мақсаты -медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттардың қолжетімділігін экономикалық қамсыздандыру, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін, дәрілік заттардың оңтайлы қолданылуын және жоспарлау жүйесін жетілдіруді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар денсаулық сақтау теxнологиясын кешенді бағалаудың негізінде іріктелетін болады. Формулярды жүйесі арқылы пайдаланудың талдауын және бағалау жүйесін, этикалық жетілдіру Кодексін енгізе отырып, дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі қамтамасыз етілетін болады.
Заңжобасымен 14 заңнамалық актіге түзетулер енгізіледі, оның ішінде Салық, Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстері, xалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі. Заңжобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлу талап етілмейді.
Анықтама үшін: Аталған заң жобасына енгізілген негізгі өзгертулер – бұл 2018 жылдың 1- қазан айынан бастап шекті бағаны бекіту жолымен барлық дәрілік заттардың бағасын реттеуді енгізу, дәрілік заттарды жетілдіруде этикалық ережелерді енгізу, мемлекеттік тіркеу жағдайын жетілдіру, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды электронды сатып алуға көшу болып табылады.
Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ 2018 жылғы 12 қаңтардан   азаматтардан түскен шағымдар бойынша өңдеу жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда мемлекеттік органның электрондық поштасына дәрілік қамтамасыз етуге қатысты 100-ден астам шағым келіп түсті. Оның ішінде 46 пациент өзінің деректерін толық көрсетті, аталған медициналық ұйымдармен бұл мәліметтерді пысықтауға мүмкіндік береді. Негізінен медициналық препараттардың жетіспеушілігі Алматы және Астана қаларында, Шығыс Қазақстан облысында байқалады.
Келіп түскен өтініштерді өңдеу кезінде негізделген және негізделмеген шағымдарға талдау жүргізілуде, сондай-ақ СҚ-Фармацияның бірыңғай дистрибьюторының қоймаларындағы дәрілік заттардың болуы тексерілуде.
Одан басқа, амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етпеуге қатысты келіп түскен азаматтардың өтініштеріне байланысты өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларына 2018 жылғы қаңтар-ақпанда бөлінген қосымша қаржы қаражатының есебінен сатып алынған дәрілік заттармен халықты қамтамасыз етуді қарау және ол  бойынша шаралар қабылдау туралы хат жіберілді
Еркін ҚАЛДАН
19 қаңтар 2018 ж. 1 338 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 60

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930