Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ДӘРІ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

ЖАҢА ДӘРІ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ


Алматыда отандық дәрінің таныстырылымы өтті. Микробиология және вирусология институтының ғалымдары терідегі зең саңырауқұлақтарын емдеуге арналған «Розеофунгин-АС» медициналық препаратын жасап шықты. Жиынға қатысқан Микробиология және вирусология институтының бас директоры Аманкелді Құрбанұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Ілияс Құлмағамбетов, дермато-венеролог дәрігер Айжан Омарқызы, биология ғылымдарының кандидаты Әсия Балғымбаева отандық өнімнің пайдасын айтты.

Фармацевтика нарығы – экономиканың ажырамас бөлігі. Дамыған мемлекеттерде отандық дәрі-дәрмектердің 70-90 пайызы өздерінде өндіріледі. Мәселен, Испанияда отандық препа­раттардың үлесі – 62 пайыз, Францияда – 53 пайыз, Израильде – 42 пайыз, Ресейде – 35 пайыз, Белоруссияда – 25 пайыз, Грузияда – 20 пайыз, Латвияда – 15 пайыз.
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісімен алты-ақ зауыт айналысады. Атап айтқанда, «Химфарм» АҚ, «СП ГлобалФарм», «Нобел АФФ» АҚ, «Ромат» ФК, «Нур-Май Фарм» ЖШС, «Қарағанды фарма­цев­тикалық кешені» сияқты санаулы отандық кәсіпорындар. Олардың басым көпшілігі импорттық шикізаттар негізінде қарапайым дәрілерді, қайнатпалар мен тұнбалардан құралған галенді препараттарды шығарады. Отандық төл дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Есесіне, дәріханалардағы дәрілердің 60 пайызы шетелден әкелінеді. Сондықтан баға да әрқилы. Дәрінің бағасы жеткізуші алыпсатар компаниялар иелігінде. Отандық дәрінің шетелдік препараттардан айырмашылығы, бағасы, пайдасы жөнінде Микробиология және вирусология институ­тының бас директоры, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, биология ғылымдарының докторы Аманкелді Садановтың пікірін білдік.
– Дәрілік препараттарды жасап шығару – ұзақ уақыт алатын, қыруар еңбекті, қомақты қаржыны талап ететін сала. Жаңа отандық дә­ріні шығарудағы мақсат – дәрі-дәрмек нарығын шетелге тәуел­діліктен арылтуға үлес қосу. Соңғы жылдары тері ауруларының күрт көбейіп кеткендігі байқалады. Оның әлеуметтік, экологиялық се­беп­тері жетерлік. «Розеофунгин-АС» төл өнім болғандықтан, бағасы шетелден әкелінетін дәрілерден арзан. Құны – 2000 теңге. 10-12 күн ішінде нәтиже береді. Бұған дейін мың адамға тәжірибе жасап, тері ауруларынан құлан-таза айығып кететініне көз жеткіздік, – деді ол.
Розеофунгин зең саңырауқұлақтарынан пайда болатын 39 түрлі ауруға ем. Дәрілік препараттарды жасап, қолданысқа енгізу болашақта дәрі-дәрмек нарығын дамытуға септігін тигізеді. Әлем халқының 20 пайызы зең саңырауқұлақтарының зақымдануынан пайда болатын микоз ауруынан зардап шегіп отыр. Түрі көп, диагнозы нақтылана бермейтін тері ауруларын асқындырмаудың бірден-бір жолы – сапалы дәрі тұтыну.
Майра ЖАНЫСБАЙ
08 желтоқсан 2017 ж. 1 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930