Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндеттерді алға тартқан тарихи құжат

Міндеттерді алға тартқан тарихи құжат


Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталған: бәрімізді революциялық дамуға жұмылдырып отыр. Міне, жасампаздыққа жетелеген осы өнеркәсіптік революция табыстарымызға ұйтқы болып, еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ.
Елбасы атап көрсеткен 10 бағытқа жүк­телген жұмыс – жұрт болып жұмылып атқарылатын іс. Әсіресе, өнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру, банк ісін жетілдіру және адам капиталын жақсарту бойынша Үкіметке қойылатын нақты міндеттемелер бар. Жария етілген бұл стратегиялық тарихи құжат барша қазақстандықтар үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Соның ішінде атқарушы органдарға артылар жүктің салмағының басымдығы да назардан тыс қалмады. Тиімді мемлекеттік басқару, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуге, макроэкономикалық тұрақтылықа, адами капитал сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты басты басымдықтарға ерекше тоқталып, осыған байланысты жергілікті әкімдіктер атқаруға тиіс бірқатар міндеттерді алға тартты.
Жолдауда «2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұрақты аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген. 2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді. Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ, шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді» деп атап көрсетілген.
Ауыл әкімдерінің өз бюджетінің болуы ауыл әкімдеріне көп міндетті жүктейді. Сонымен қатар, жоғары жаққа қарап отырмай ауылдың мұң-жұқтажын орындауда мол мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарды орындау үшін ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытулары тиіс. Жиналған қаражат ауыл тұрғындары атынан сайланған қоғамдастық мүшелерінің жиналыстарында міндетті қаралатын болады. Яғни, жиналған қаржы қоғамдастық жиналысының келісімен ауылды дамытуға жаратылады. Осылайша, жергілікті қоғамдастықтың мүдделерін ескере отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін тетіктер көзделген.
Елбасы жолдауындағы айқындалған тапсырмаларды орындау мақсатында биылға жылы ауданымызда халық саны 2000-нан асатын 1 кент және 13 ауылдық округтердің дербес бюджеттері аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіліп, өз жұмыстарын бастады. Алдағы кезде ауыл әкімдерінің дербес бюджеттері мол нәтиже беретіндігіне сенімдімін.

Марат ШОХАНОВ,
аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы.
22 қаңтар 2018 ж. 938 0